Халықаралық ғылыми дөңгелек үстел & Алтын Орда

Yessenov University-де «Каспий теңізі және Алтын Орданың халықаралық байланыстары» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті

📅 4 қараша, 2026 ж.
•
📍 Yessenov University, Ақтау қ.

4 қараша күні Yessenov University-де «Каспий теңізі және Алтын Орданың халықаралық байланыстары» тақырыбында халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында Маңғыстау мен Үстірттің құрлық және теңіз сауда жолдарындағы стратегиялық орны, түркі қағанаттарымен тарихи сабақтастық, Алтын Орда кезеңіндегі әдеби және рухани мұра, Каспий маңы елдерінің дипломатиялық қатынастары мен қазіргі халықаралық ынтымақтастықтың тарихи негіздері кеңінен талқыланды.

🌍 Халықаралық ғалымдар мен баяндамашылар:

Халықаралық ғылыми басқосуға Қазақстан, Түркия және Әзербайжан ғалымдары қатысты. Атап айтқанда, Меңдігүл Ноғайбаева, Ahmet Taşağıl, Төрәлі Қыдыр, Сәлім Китигулов, Светлана Едилханова, Жансауле Жармаханова және Илькин Оруджов өз ғылыми баяндамаларын ұсынып, зерттеу тұжырымдарымен бөлісті.

📜 Өркениеттер тоғысы мен ғылыми пікір:

Қатысушылар Алтын Орданың Еуразия кеңістігіндегі тарихи рөліне, Каспий теңізінің өркениеттер арасындағы байланыстарды дамытудағы маңызына және өңірдің халықаралық қатынастар тарихындағы орнына қатысты ғылыми пікір алмасты.

Каспий өңірі мен Алтын Орданың тарихи мұрасын зерттеуді жалғастырамыз! 🌊📜🏛️

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like