QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі QS Asia University Rankings 2027 Азия университеттерінің жаңа рейтингін жариялады. Рейтингке Азияның 26 елінен 1 722 университет еніп, Қазақстан өзінің Орталық Азиядағы көшбасшылық ұстанымын дәлелдеді.
Қазақстан атынан 51 жоғары оқу орны қатысып, еліміз рейтингке енген университеттер саны бойынша Азияда 10-орынға орнықты. Бұл халықаралық зерттеуде Yessenov University жоғары академиялық көрсеткіштерімен Батыс Қазақстан өңірін лайықты таныстырды.
QS Asia University Rankings ЖОО-ларды академиялық беделі, жұмыс берушілер арасындағы танымалдығы, ғылыми жарияланымдар нәтижелілігі, халықаралық ынтымақтастық, шетелдік оқытушылар мен студенттер үлесі және академиялық ұтқырлық секілді 11 негізгі көрсеткіш бойынша бағалайды.
