4 қараша күні Yessenov University-де «Каспий теңізі және Алтын Орданың халықаралық байланыстары» тақырыбында халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Маңғыстау мен Үстірттің құрлық және теңіз сауда жолдарындағы стратегиялық орны, түркі қағанаттарымен тарихи сабақтастық, Алтын Орда кезеңіндегі әдеби және рухани мұра, Каспий маңы елдерінің дипломатиялық қатынастары мен қазіргі халықаралық ынтымақтастықтың тарихи негіздері кеңінен талқыланды.
Халықаралық ғылыми басқосуға Қазақстан, Түркия және Әзербайжан ғалымдары қатысты. Атап айтқанда, Меңдігүл Ноғайбаева, Ahmet Taşağıl, Төрәлі Қыдыр, Сәлім Китигулов, Светлана Едилханова, Жансауле Жармаханова және Илькин Оруджов өз ғылыми баяндамаларын ұсынып, зерттеу тұжырымдарымен бөлісті.
Қатысушылар Алтын Орданың Еуразия кеңістігіндегі тарихи рөліне, Каспий теңізінің өркениеттер арасындағы байланыстарды дамытудағы маңызына және өңірдің халықаралық қатынастар тарихындағы орнына қатысты ғылыми пікір алмасты.
