Республикалық олимпиада & Алтын Орда тарихы

Yessenov University студенттері республикалық тарих олимпиадасында ІІ орынды жеңіп алды

📅 2 қараша, 2026 ж.
•
📍 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.

2 қараша күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жошы Ұлысы – Алтын Орда және қазақ мемлекеттілігінің тарихы» тақырыбында республикалық пәндік олимпиада өтті.

Еліміздің 11 жоғары оқу орнының студенттері бақ сынаған білім додасында Yessenov University «Тарих және дәстүрлі өнер» кафедрасының «Тарих» мамандығының студенттері жүлделі ІІ орынға ие болды. Бұл жетістік – археолог, тарихшы ғалым Мұрат Қалменовтың жетекшілігімен жүргізілген жүйелі дайындықтың нәтижесі.

🎬 Ғылыми-деректі фильм мен деректану:

Олимпиада барысында студенттер Маңғыстау тарихындағы Жошы Ұлысы мен Алтын Орда кезеңіне арналған арнайы ғылыми-деректі фильмін таныстырды. Сонымен бірге тарихи деректерді талдап, ортағасырлық билеушілер, көне қалалар мен жазба дереккөздер бойынша терең білімдерін паш етті.

👏 Құттықтау:

Жүлдегер студенттеріміз бен олардың ғылыми жетекшісі Мұрат Қалменовты шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылыми ізденістеріңіз жемісті болып, жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер!

Тарихи мұраны ұлықтау — ұлттық сананы жаңғыртудың негізі! 🇰🇿📜🏛️
KEEP READING...

You may also like