Республика күні & Салтанатты жиын

Yessenov University-де 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

📅 23 қазан, 2026 ж.
•
📍 Yessenov University, Ақтау қ.

23 қазан күні Yessenov University-де 25 қазан – Республика күніне орай «Республика – елдігіміздің еңселі белесі, ұлттық рухтың асқақ мерекесі» атты салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен құрметті қонақтар қатысты. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы еліміздің тәуелсіздікке бастар жолындағы тарихи белес болғаны атап өтілді.

🎖️ Марапаттау рәсімі:

Салтанатты жиынның маңызды сәттерінің бірі – университеттің дамуына, білім мен ғылымның өркендеуіне және қоғамдық өмірге елеулі үлес қосқан оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттау рәсімі болды. Бұл марапаттар қызметкерлердің еселі еңбегіне көрсетілген жоғары құрметтің белгісі.

🎶 Мерекелік концерт:

Салтанатты шара Республика күніне арналған мерекелік концертпен жалғасты. Музыкалық бағдарлама қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты асқақтата түсті.

Егемендігіміз мәңгі, ұлттық рухымыз асқақ болсын! 🇰🇿✨🎉
KEEP READING...

You may also like