Республика күні & Bookcrossing

Yessenov University-де «Саған кітап арнадым» республикалық акциясы аясында Bookcrossing шарасы өтті

📅 25 қазан, 2026 ж.
•
📍 Yessenov University, Ақтау қ.

25 қазан – Республика күніне орай Yessenov University-де «Саған кітап арнадым» республикалық акциясы аясында кітап алмасу (Bookcrossing) шарасы ұйымдастырылды.

Шара барысында студенттер өздері оқып шыққан кітаптарын өзгелермен алмастырып, жаңа шығармалармен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар құпия кітап алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар сүйікті туындылары туралы пікір асырды.

📚 Kahoot зияткерлік викторинасы:

Бағдарлама аясында Kahoot платформасында интерактивті викторина өткізілді. Жастар әдеби шығармалар, кітаптар мен оқырман мәдениетіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.

📖 Оқырман мәдениетін насихаттау:

Кітап алмасу шарасы студенттердің өзара қарым-қатынасын нығайтып, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға және кітап оқу дәстүрін кеңінен насихаттауға ықпал етті.

Кітап оқу — зияткерлік даму мен білімді жастардың негізгі бастауы! 📚✨📖
KEEP READING...

You may also like