Спорттық оқиға

Yessenov University-де VIII халықаралық студенттік «Каспий ойындары – 2026» ресми түрде басталды

📅 5 қазан, 2026 ж.
•📍 Yessenov Sports Complex, Ақтау қ.

5 қазан күні Yessenov University-де VIII халықаралық студенттік «Каспий ойындары – 2026» ресми түрде жалауын көтерді!

Каспий маңы елдерінің жастарын біріктіретін халықаралық спорт додасына Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.

🏀 Жарыстың алғашқы күні:

Ойындардың алғашқы күнінде баскетбол, бокс және жүзуден тартысты сайыстар өтіп, студент-спортшылар шеберліктері мен жеңіске деген жоғары жігерлерін көрсетті.

🎉 Салтанатты ашылу рәсімі:

Күннің басты оқиғасы Yessenov Sports Complex-те өтті. Салтанатты шарада қатысушы командалар сап түзеп таныстырылып, спортшылар мен қонақтарға ыстық құттықтау сөздер айтылды. Мерекелік кеш әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Алда қатысушыларды спорттың басқа түрлері бойынша тартысты бәсекелер күтіп тұр. Барлық командаларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз! 🏆🔥

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like