Мерекелік құттықтау
Yessenov University барша студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтайды
📅 Қараша, 2026 ж.•📍 Yessenov University
Студенттік шақ – білім мен ізденіске, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын бастамаларға толы өмірдің ерекше кезеңі. Бұл – арманға қанат бітіріп, кәсіби бағытты айқындап, болашаққа нық қадам жасайтын уақыт.
Қымбатты студенттер, білімге деген құштарлықтарыңыз ешқашан бәсеңдемесін! Алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға жетіп, таңдаған мамандықтарыңыздың білікті иесі атаныңыздар.
💙 Әр күніңіз жаңа мүмкіндікке, әрбір ізденісіңіз жарқын жетістікке ұлассын!




