Yessenov University басшылығы Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбековпен ресми жұмыс кездесуін өткізді.
Университетте жұмыс істейтін бірлескен Әскери-теңіз кафедрасы Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтымен бірлесіп жүзеге асырылады. Бүгінде аталған кафедрада 12 курсант білім алуда.
Кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламасын іске асырудың ұйымдастырушылық мәселелері, болашақ теңіз офицерлерін қабылдау мен даярлау перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, оқу нәтижелері бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері де назарға алынды.
Бағдарлама аясында студенттер академиялық ұтқырлық бойынша Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтында білім алып, практикалық әрі теориялық тәжірибелерін арттырады.
