Yessenov University-де Қабылдау офисінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған «Future Skills: болашақ дағдылары және мамандық таңдау» тақырыбында TED Talks форматындағы ашық диалог алаңы өтті.
Кездесу барысында Қабылдау офисінің басшысы Фатима Салкынбаева «Future Skills» жобасының миссиясын, негізгі бағыттары мен алдағы жоспарларын таныстырып, саналы мамандық таңдау мен кәсіби бағдар берудің маңыздылығына тоқталды.
Кәсіби бағдар беру саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи еңбек нарығындағы өзекті трендтерді талқылады. Шараның екінші бөлімі «Ашық микрофон» форматында жалғасып, оқушылар жасанды интеллектінің мамандықтарға әсері, талап етілетін құзыреттер мен шетелде білім алу мүмкіндіктері бойынша спикерлерге сұрақ қойып, жауап алды.
Future Skills алаңы оқушыларға кәсіби қызығушылықтарын айқындауға, жаңа мүмкіндіктерді тануға және болашақ кәсіби жолына саналы түрде бағыт бағдар алуға зор мүмкіндік сыйлады.
