18 қыркүйек күні Yessenov University-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған салмақты жиын өтті.
Маңызды кездесуге университет басшылығы, Ардагерлер қауымдастығының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттер қатысып, ел дамуының өзекті мәселелерін ортаға салды.
Жиын барысында кітапта көтерілген әділетті қоғам құру, азаматтық жауапкершілік, заң мен тәртіпті нығайту, білім мен ғылымды дамыту, ұлттық құндылықтарды ұлықтау және жастардың қоғамдағы рөлі туралы терең ойлар талқыланды.
Қатысушылар ұрпақтар сабақтастығы, азаматтық белсенділік және жастардың ел дамуына қосар үлесі жөнінде пікір алмасты. Әсіресе әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен Отан болашағына қосатын үлесінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
