Yessenov University мен Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.
Аталған келісім екі тарап арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибе алмасуға, білім алушыларға тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынуға және білім беру мен кәсіби даярлық саласында дуальды оқытуды дамытуға бағытталған.
Бұл ынтымақтастық студенттердің теориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастыруына, кәсіби ортаға бейімделуіне және болашақ мамандарға қажетті дағдыларды дамытуына кең жол ашады.
Қол қойылған құжат жоғары білім беру мен сот жүйесі арасындағы өзара тиімді өнімді серіктестікті дамытудың және білікті заңгер мамандарды даярлау сапасын арттырудың маңызды қадамы болып табылады.
