Киберқауіпсіздік мәдениеті және цифрлық сауаттылық: «Адал Азамат – AFM Volunteers» клубымен бірлескен дәріс
24 қараша күні Yessenov University-дің Құқық және халықаралық қатынастар факультеті «Адал Азамат – AFM Volunteers» студенттік клубымен бірлесіп, «Қазіргі қоғамдағы киберқауіпсіздік мәдениеті және цифрлық сауаттылық» тақырыбында дәріс ұйымдастырды.
Кездесу барысында интернеттегі қауіп-қатерлер, фишинг пен әлеуметтік инженерия әдістері, жеке деректерді қорғау, екі факторлы аутентификация және ақпараттың шынайылығын тексеру жолдары талқыланды.
🧩 Практикалық тапсырмалар
Студенттер «Фишингті анықта», «Қауіпсіз құпиясөз» және «Сен не істер едің?» атты тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін бекітті.
📝 Қаржылық қауіпсіздік диктанты
Қатысушыларға AFM2026.kz сайтында өтіп жатқан республикалық қаржылық қауіпсіздік диктанты туралы ақпарат берілді. Оның мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың, дропперліктің және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу.







