«YESSENOV PARTY»: Халықаралық студенттер күніне арналған мерекелік кеш
Yessenov University-де Халықаралық студенттер күніне орай «YESSENOV PARTY» мерекелік кеші өтті. Іс-шара Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қолдауымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды.
Кеш студенттердің бірлігін нығайтуға, шығармашылық әлеуетін қолдауға және жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға арналды. Кештің маңызды сәттерінің бірі – университеттің 1000 студентінің Қаржылық мониторинг агенттігінің «Адал азамат – қаржылық қауіпсіздік» волонтерлік қозғалысына қосылуы болды. «Мың студент – бір мақсат!» ұранымен өткен бастама аясында университетте «AFM Volunteers» студенттік волонтерлік клубы жұмысын бастады.
Клуб мүшелері қаржылық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтық, дропперлік және қаржы пирамидаларының алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
🏆 Марапаттар
ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсеткен үздік сегіз студент пен «Талант шоу – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Университеттің жаңа әнұраны алғаш рет көпшілікке ұсынылды.
👥 Құттықтау сөз
Генерал-майор Ерболат Темірболатұлы (Маңғыстау облысы бойынша ЭТД), Студенттік істер және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент Гүлімай Демегенқызы, «UNION» жоғары студенттік кеңесінің президенті Арайлым Бауыржанқызы.







