22 қазан күні Yessenov University-де Маңғыстау облысының Дін істері басқармасы мен Педагогика факультетінің ұйымдастыруымен «Терроризм, діни экстремизм және деструктивті діни ағымдар: белгілері, зардаптары және жауапкершілік» тақырыбында студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен ықтимал зардаптарын түсіндіру, сондай-ақ олардың теріс ықпалына қарсы тұру дағдыларын дамыту мәселелері кеңінен қарастырылды.
Интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілерде таралатын діни мазмұндағы ақпаратты сыни тұрғыдан бағалаудың, оның сенімділігін тексерудің және күмәнді дереккөздерден сақтанудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға зайырлылық қағидаттары, діни сауаттылықтың қоғамдағы рөлі және деструктивті идеологияларды таратқаны үшін заңды жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Ашық диалог форматында өткен жиында студенттер сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
