Спорттық оқиға

Ақтауда VIII халықаралық студенттік «Каспий ойындары – 2026» өтеді

📅 5–9 қазан, 2026 ж.
•
📍 Yessenov University, Ақтау қ.

5–9 қазан аралығында Ақтау қаласында Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары студенттері арасында VIII халықаралық «Каспий ойындары – 2026» өтеді!

Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан студенттері спорттың 10 түрі бойынша бақ сынап, жеңіс пен командалық рухтың жарқын үлгісін көрсетеді:

🏆 Спорт түрлері:

Жеңіл атлетика, волейбол, футзал, баскетбол, жүзу, каратэ-до, бокс, шахмат, киберспорт және самбо.

📅 Салтанатты іс-шаралар кестесі:

  • Ашылу салтанаты: 5 қазан, сағат 14:00 — Yessenov Sports Complex
  • Жабылу салтанаты: 9 қазан, сағат 17:00 — Yessenov Stadium

Каспий маңы елдерінің жастарын біріктіретін үлкен спорт мерекесінің куәсі болыңыз! 🏆🔥
KEEP READING...

You may also like