Астана қаласында өтіп жатқан HackAlem AI халықаралық хакатоны қатысушылар саны бойынша GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын жаңартты! Хакатонға 2 415 қатысушы жиналып, 2025 жылы Үндістанның Хайдарабад қаласында Google for Developers ұйымдастырған алдыңғы рекордтан асып түсті.
Хакатон барысында қатысушылар энергетика, қаржы, телекоммуникация, логистика, білім беру, инновациялар және басқа да салаларға арналған жасанды интеллект негізіндегі шешімдер әзірлеуде. Сонымен қатар қатысушыларға OpenAI, NVIDIA және Arizona State University ұсынған технологиялық және білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндігі берілді.
Осы тарихи хакатонға Yessenov University Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің YU AI School (Edu01) студенттерінен құралған құрама команда да қатысып жатыр:
YU AI School командасына сәттілік, шабыт және жоғары нәтижелер тілейміз! 🚀🤖
