Yessenov University-де аквашаруашылық саласын дамытуға бағытталған халықаралық кездесу өтті. Университет президент-ректорының міндетін атқарушы Ермек Нұрмағанбет Қазақстанда Caviar House брендін дамытып, Түпқараған ауданында «RED PEARL» балық фермасы жобасын жүзеге асырып жатқан швейцариялық Swiss Choice Holding SA компаниясының басшысы Christian Rey-de Rudder және атқарушы директоры Xavier Rey мырзалармен кездесті.
Тараптар Маңғыстау өңірінде толық циклді аквашаруашылық жүйесін қалыптастыру, балық және уылдырық өндірісін ғылыми-технологиялық тұрғыдан сүйемелдеу, халықаралық тәжірибені енгізу және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде келесі маңызды бағыттарға ерекше назар аударылды:
Кездесу нәтижесінде Yessenov University ғалымдарын «RED PEARL» жобасының ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, бірлескен жұмыс тобын құру және нақты ғылыми жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.🐟🇨🇭🇰🇿
