2 қазан күні Yessenov University-де 1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім саласы қызметкерлері күніне арналған «Білім мен ғылым жолындағы ұлы қызмет» атты салтанатты мерекелік шара өтті.
Кәсіби мерекеге орай университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың білім мен ғылымды дамытуға, білікті мамандар даярлауға және жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Салтанатты шара барысында еңбегімен ерекшеленген профессор-оқытушылар мен қызметкерлерге мынадай марапаттар табысталды:
Мерекелік кеш университеттің Тарих және дәстүрлі өнер кафедрасының студенттері мен оқытушылары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермен назарына ұлттық өнеріміздің асыл мұрасы – күй, дәстүрлі ән мен терме, сондай-ақ заманауи би қойылымдары ұсынылды.
Yessenov University ұжымы барша профессорларды, оқытушыларды, ғалымдар мен қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс, жаңа ғылыми және кәсіби жетістіктер, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейді!🎓✨
