Өнер және мәдениет

Yessenov University-де Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының өнер майталмандарымен «Өнермен өрілген өмір» кездесуі өтті

📅 Қараша, 2026 ж.•📍 Yessenov University

26 қараша күні Yessenov University-де Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының өнер майталмандарымен «Өнермен өрілген өмір» атты тағылымдық-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қонақтар театрдың қалыптасу тарихы, актер мамандығының жауапкершілігі, сахналық образды сомдаудың қыр-сыры, шығармашылық ізденіс пен кәсіби тәжірибе туралы әңгімеледі. Өнер иелері өздерінің шығармашылық жолынан сыр шертіп, сахнадағы ізденіс пен үздіксіз еңбектің маңызына тоқталды.

Студенттер қонақтарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сахна сыртындағы дайындық, рөлге ену үдерісі және театрдағы кәсіби қызметтің ерекшеліктері жөнінде құнды мәліметтер алды.

🎭 Құрметті қонақтар

Театр директоры, оның негізін қалаушылардың бірі Айдос Нұрбаулыұлы Тастаев, актер әрі опера әншісі, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Әзімтайұлы Ақтаев және театрдың көркемдік жетекшісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Медғат Қуандықұлы Өмірәлиев.

✅ Мұндай кездесулер жастардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық мамандықтардың мәні мен жауапкершілігін тереңірек түсінуге жол ашады.
KEEP READING...

You may also like