3 наурыз күні Yessenov University-де «Білімді жастар – ел болашағы» атты ғылыми семинар өтті. Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Жайлауов Б.С. «IQ Test – қазақ қоғамының зияткерлік әлеуетін өлшейтін ұлттық платформа» тақырыбында баяндама жасап, интеллектуалдық капиталды дамыту елдің инновациялық өркендеуінің негізгі факторы екенін атап өтті. Семинар аясында кітап оқу мәдениетінің тұлғаның интеллектуалдық дамуына,...Read More
2025 жылдың 16 ақпаны мен 27 ақпан аралығында Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Шарипова Айгерим Батырсиевнаның «Педагогикалық қызметтің психогигиенасы» атты курс өтті. Бұл курс ғылыми-практикалық бағыт ретінде педагогтің кәсіби қызметі жағдайында психикалық денсаулығын сақтау және нығайту заңдылықтарын зерттейді. Курс болашақ және тәжірибеде жұмыс істеп жүрген...Read More
Yessenov University Педагогика факультетінде «Қазақстандағы конституциялық реформалардың жаңа кезеңі: азаматтық қоғам мен саяси институттардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мазмұнын талқылау, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ бұл үдерістегі азаматтық қоғам мен саяси институттардың рөлін айқындау болды. Кездесуге факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысып,...Read More
4 ақпан күні Yessenov University құрамындағы Теңіз академиясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған талқылау өтті. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысып, ел үшін тарихи мәні бар құжаттың негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылды. Жиынды академиялық жұмыс жөніндегі вице-декан А.А. Юсупов ашып, жаңа Конституция жобасының басты ерекшеліктеріне тоқталды. Ол конституциялық реформалардың елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртудағы, демократиялық институттарды...Read More
2026 жылдың 20 ақпанында Инжиниринг факультетінің білім алушылары арасында «Адал қоғам – жастардан басталады» әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның салдарын түсіндіру арқылы студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Байқауға Инжиниринг факультетінің 4 кафедрасының студенттері қатысып, барлығы 7 бейнеролик ұсынылды. Қатысушылар өз...Read More
18 ақпан күні Yessenov University «Құқық және халықаралық қатынастар» факультеті, «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» бастамасы аясында «Тәртіп пен қауіпсіздік – біздің таңдауымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Өтебалиева Қарлығаш Ержанқызы болды. Іс-шараға Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Есенжан Қанафия Нұрланұлы және Ақтау қаласы Полиция департаментінің криминалды полиция...Read More
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде8D087 — Қоршаған ортаны қорғау технологиясы, 8D05201 (6D060800) — Экология мамандығы кадрларды даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Хожанепесова Фариза Мусабековнаның «Мұнаймен ластанған топырақты адсорбциялық-иммобилизацияланған микроорганизм — деструкторлармен тазарту әдісін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. Диссертациялық жұмыс Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және...Read More
12 ақпан күні Yessenov University-де «Бизнес және туризм» факультетінде «Конституциялық реформа: мәні мен кезеңдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың басты бағыттарын түсіндіру, олардың кезеңдерін жүйелі түрде талдау және құқықтық жаңғыртудың қоғамның одан әрі дамуына ықпалын айқындау болды. Дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, соның ішінде «Бизнес...Read More
2026 жылдың 09 ақпанында Yessenov University Үздіксіз білім беру институты (ҮББИ) «Yessenov University білім беру интенсиві» кадрларды даярлау бағдарламасын бастады. Бағдарлама шеңберінде «Икемді құзыреттер (SOFT SKILLS): эмоционалды интеллект, сыни, креативті, цифрлық және жүйелік ойлау, коммуникация», «Қаржылық сауаттылық: жеке қаржы және кәсіпкерлік», «Құқықтық сауаттылық: еңбекті талдау және бағалау саласындағы медиативтік рәсімдерді қолданудың заманауи әдістері», «Мұнай-газ негіздері»,...Read More
Үздіксіз білім беру институты жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін «Жоғары білім берудегі жасанды интеллект: технология, әдістеме және этика» атты біліктілікті арттыру курсін бастады. Оқу процесі 2026 жылғы 2 ақпаннан 13 ақпанға дейін өтеді. Курс тренері — Гасанов Рауф Шамсатдин оғлы, Әзербайжаннан шақырылған профессор, «Халықаралық қатынастар» кафедрасының профессоры. Курс білім беру процесінде жасанды интеллект технологияларын практикалық...Read More