Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технопарктің қызметімен танысты. Президент халықаралық бағдарлама бойынша IT-мамандарын дайындауға арналған оқу аймағын, сондай-ақ цифрлық және телекоммуникациялық құзыреттерді дамыту зертханасын аралады.

Студенттермен әңгімеде Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары технологиялар мен жасанды интеллектпен байланысты бағыттарды дамытудың ерекше өзектілігін атап өтті.

Материал Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында akorda.kz жарияланды.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like