Технопарк

Yessenov University технопаркінде робототехника және бағдарламалау орталығы ашылды

📅 Қараша, 2026 ж.•📍 Yessenov University

24 қараша күні Yessenov University технопаркінде Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) және Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен робототехника және бағдарламалау орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жаңа орталық студенттердің робототехника мен бағдарламалау бағытындағы білімін жетілдіруге, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға және заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол жастардың инженерлік ойлау қабілетін дамытуға, жаңа жобалар мен инновациялық идеяларды жүзеге асыруға жол ашады.

👥 Қатысушылар

Yessenov University президенті Ермек Нұрмағанбет, Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Билал Эмре Бират, TİKA-ның Қазақстандағы өкілі Фуат Ердоғмуш, Ақтаудағы өзге мемлекеттердің бас консулдықтарының өкілдері, Түркия азаматтары, қоғам қайраткерлері, оқытушылар, студенттер және қала тұрғындары.

✅ Бұл бастама студенттердің технологиялық құзыреттерін арттырып, білім мен инновация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.
KEEP READING...

You may also like