Хабарландыру & Корпоративтік тұрғын үй

Yessenov University қызметкерлеріне арналған корпоративтік тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

📅 2 қараша – 10 қараша 2026 ж.
•
📍 Yessenov University, Бас ғимарат, 10-қабат, А1006 каб.

«Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КЕАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын қолдау, кадрлық әлеуетті нығайту және білікті мамандарды тарту мақсатында корпоративтік тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау жүріп жатыр.

Бағдарлама шеңберінде ипотекалық қарыз арқылы Ақтау қаласынан тұрғын үй сатып алу көзделеді. Бөлінетін қаражаттың 50%-ы жас ғалымдарға, ал қалған 50%-ы оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге және стратегиялық бағыттарға қажетті мамандарға бағытталады.

📌 Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

  • Өтініш берілген күнге дейінгі соңғы 1 жыл ішінде Маңғыстау облысы аумағында меншігінде тұрғын үйдің болмауы;
  • Ережеде белгіленген біліктілік және бағалау өлшемшарттарына сәйкес келуі;
  • Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау;
  • Университетте кемінде 8 жыл еңбек ету міндеттемесін қабылдау.

📁 Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Университеттің Президент-ректорының атына өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Құрылымдық бөлімше басшысының ұсынымы;
  4. Отбасы құрамы туралы мәліметтер;
  5. Тұрғын үйге меншік құқығының бар-жоғын растайтын мәліметтер;
  6. Ғылыми дәрежесін, біліктілігін және кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар;
  7. Бағалау өлшемшарттарына сәйкес қосымша растайтын құжаттар.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 2 қарашадан 10 қарашаға дейін (қоса алғанда).
Құжаттарды тапсыру мекенжайы: Бас ғимарат, 10-қабат, А1006 кабинет.
KEEP READING...

You may also like