Yessenov University-де «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында ұйымдастырылған «YU Оқырманы» кітап оқу байқауы салтанатты түрде аяқталды.
Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар ұсынылған әдебиеттер тізімінен таңдаған шығармалары бойынша эссе жазып, іріктеу нәтижесінде үздік 20 студент финалға өтті. Шешуші кезеңде қатысушылар оқыған туындылары бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, аналитикалық қабілеттерін танытты.
Барлық финалистер Алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Байқау студенттердің әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, өз көзқарасын дәлелді әрі еркін жеткізуіне жол ашты.
