28 қазан күні Yessenov University-де Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Жамолиддинхужа Абдузукироглы Абудкаримовтың Қазақстанда білім алып жатқан өзбекстандық студенттермен кездесуі өтті.
Ашық диалог форматында өткен басқосуда студенттердің күнделікті өміріне, оқу үдерісіне және университет ортасына бейімделуіне қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.
Бас консул студенттермен тікелей пікір алмасып, олардың қажеттіліктері мен ұсыныстарына назар аударды. Кездесу жастар мен дипломатиялық өкілдік арасындағы байланысты нығайтуға және өзара түсіністікті арттыруға мүмкіндік берді.
Yessenov University халықаралық студенттер үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға, олардың университет өміріне белсенді араласуына және мәдениетаралық байланысты дамытуға ерекше мән береді.
