22 қазанда Yessenov University Филология және спорт факультеті «Ағылшын филологиясы» кафедрасының ИЯ 24-1,7 тобының кураторы Феруза Дальмуханованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының күніне орай «Тұлғалар және Республика күні» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Республика күнінің тарихи маңызын дәріптеу, Қазақстанның егемендік жолындағы маңызды кезеңдерін таныстыру, студенттердің құқықтық сауаттылығын, азаматтық жауапкершілігін және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру болып табылады.
Іс-шара барысында Республика күнінің тарихи маңызы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық білім беру, азаматтық тәрбие және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылды.
Бағдарлама аясында асқақ «Атамекен» әні орындалып, тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Студенттер мазмұнды презентациялар ұсынып, Республика күніне арналған викторина мен «Республика күні: тарихи хронология» атты танымдық ойын өткізді. Интерактивті формат қатысушылардың тарихи білімдерін шыңдап, өзара пікір алмасуына жол ашты.
