Республика күні & Зияткерлік сайыс

Yessenov University-де «Менің Қазақстаным: тарих, құқық, болашақ» зияткерлік сайысы өтті

📅 21 қазан, 2026 ж.
•
📍 Yessenov University, Ақтау қ.

21 қазан күні Yessenov University-де Республика күніне орай Құқық және халықаралық қатынастар факультетінің бастамасымен «Менің Қазақстаным: тарих, құқық, болашақ» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шара студенттердің тарихи танымын кеңейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық ұстанымы мен отансүйгіштік рухын нығайтуға бағытталды. Сайысқа қатысқан студенттер Қазақстан тарихы, құқық негіздері мен ұлттық құндылықтар бойынша білімдерін сынға салып, тапқырлық пен таптырмас командалық жұмыс үлгісін көрсетті.

🏆 Сайыс жеңімпаздары:

  • 🥇 І орын: «Математика» ББ, 1-курс (26-1 тобы) – Айкерім Идреисова мен Жібек Қайруллаева.
  • 🥈 ІІ орын: «Құқық қорғау қызметі» ББ (26/1 тобы) – Әдемі Амалбек пен Нурия Баймағамбетова.
  • 🥉 ІІІ орын: «Құқықтану» ББ, 4-курс (23/3 тобы) – Берік Кутымов пен Айдос Жалғасов.

💡 Маңыздылығы:

Зияткерлік сайыс жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, құқықтық білімдерін тереңдетуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор мүмкіндік берді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Білімді жастар — егемен еліміздің жарқын болашағы! 🇰🇿🧠✨
KEEP READING...

You may also like