21 қазан күні Yessenov University-де Республика күніне орай Құқық және халықаралық қатынастар факультетінің бастамасымен «Менің Қазақстаным: тарих, құқық, болашақ» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шара студенттердің тарихи танымын кеңейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық ұстанымы мен отансүйгіштік рухын нығайтуға бағытталды. Сайысқа қатысқан студенттер Қазақстан тарихы, құқық негіздері мен ұлттық құндылықтар бойынша білімдерін сынға салып, тапқырлық пен таптырмас командалық жұмыс үлгісін көрсетті.
Зияткерлік сайыс жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, құқықтық білімдерін тереңдетуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор мүмкіндік берді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
