Ғылым және зерттеу
Құрметті жас ғалымдар!
📅 Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 12 қазан – 10 қараша
Есенов университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің конкурстық құжаттамасына сәйкес, 2027 жылға арналған «Жас ғалым» жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы және «Жас ғалымдарға арналған конкурс» ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бағдарламалары бойынша конкурс жарияланғанын хабарлайды.
Жобаларды іске асыру мерзімі
36 ай
🔬 Ғылымды дамытудың басым бағыттары
-
Климаттық орнықтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар және АӨК-нің тұрақты дамуы;
-
Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік;
-
Денсаулық, адами даму және өмір сүру сапасы;
-
Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және аумақтар мен өмірлік маңызды инфрақұрылымның орнықтылығы;
-
Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует.
Ғылыми жетекші мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбаларымен расталған конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне электрондық түрде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.
📝 Өтінім беру туралы ақпарат
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы: 2026 жылғы 12 қазан.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 10 қараша (қоса алғанда).
Өтінім беру →
☎️ «ҰМҒТСО» АҚ Call-орталығы
Ішкі нөмірлер: 203, 210, 211, 213, 214, 218, 219, 221, 223, 226, 227, 230, 233, 234.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
📍 Қосымша ақпарат
Қосымша сұрақтар бойынша Есенов университетінің Ғылым және зерттеу басқармасына хабарласуға болады.
Мекенжайы: университет ғимараты, 12-қабат.
Ішкі нөмірлер: 258, 259.