14 қазан күні Yessenov University-де студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білімін тереңдетуге және кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған «Huawei ICT Competition 2026–2027 Roadshow» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Huawei компаниясының өкілдері студенттерге халықаралық технологиялық байқаудың мақсаттары мен мүмкіндіктерін таныстырып, оған қатысу шарттары және іріктеу кезеңдері туралы толық ақпарат берді.
Huawei ICT Competition – болашақ IT мамандарына теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, күрделі технологиялық міндеттерді шешу қабілеттерін жетілдіруге және халықаралық деңгейде өз мүмкіндіктерін сынауға жол ашатын жаһандық алаң.
Халықаралық технологиялық бастамаларға қатысу жастардың цифрлық құзыреттерін қалыптастыруға, тәжірибелік білімін кеңейтуге және заманауи IT индустриясының жоғары талаптарына бейімделуіне зор ықпал етеді.
