Yessenov University басшылық құрамында жаңа тағайындаулар жүзеге асырылды

📅 14.08.2026

Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №4 отырысының шешімімен Нұрмағанбет Ермек Талантұлы Yessenov University-дің атқарушы вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Директорлар кеңесінің аталған шешімімен Сырлыбекқызы Самал зерттеу және даму жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды.

Ал Жалғыз акционердің шешімімен Мақұлов Қайырбек Қалданбекұлы академиялық жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды.

Жаңа басшылардың кәсіби тәжірибесі мен білімі университеттің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға, академиялық және ғылыми әлеуетін арттыруға, басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге жаңа серпін береді деп сенеміз.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like