1 қыркүйек күні Yessenov University-де бірінші курс студенттерімен жаңа оқу жылындағы алғашқы кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге университеттің білім беру ортасы, академиялық мүмкіндіктері мен студенттік өмірі таныстырылып, өзара сыйластық, жауапкершілік, ынтымақтастық және белсенді азаматтық ұстанымның маңызы айтылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа негізгі қағидаттары түсіндіріліп, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, заң үстемдігін сақтау, қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге Конституцияда бекітілген құндылықтардың әр азаматтың күнделікті өмірі мен ел болашағы үшін маңызы түсіндірілді.
