Yessenov University технопаркінің негізінде халықаралық 01 Edu моделі бойынша жасанды интеллект мектебі жұмыс істей бастады — бұл оқытушылар мен дәрістерсіз, peer-to-peer және топтық жұмыс қағидаттарына негізделген оқыту жүйесі.
Сонымен қатар робототехника, 3D-дизайн және тоқыма өнері бағыттарын қамтыған FabLab бағдарламасының алғашқы легі аяқталды. Технопарк директоры Омар Тәшімнің сөзінше: «Бұл — жастар қолымен, басымен және жүрегімен жұмыс істеуді үйренетін орын».
Материал bluescreen.kz порталында жарияланды.



