Category

Жаңалықтар
16 сәуір күні Yessenov University базасында “NextGen 2026: AI in Tourism” форумы ұйымдастырылды. Форум барысында туризм индустриясындағы жасанды интеллекттің рөлі жан-жақты талқыланды. Бүгінде AI тек технология ретінде ғана емес, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылуда. Әсіресе туристік қызметтерді жекелендіру, клиент тәжірибесін жақсарту, басқару және талдау үдерістерін оңтайландырудағы мүмкіндіктері ерекше атап өтілді. Іс-шара...
Read More
14 сәуір күні Yessenov University Теңіз академиясының «Машина жасау және логистика» кафедрасы республика көлеміндегі ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Аталған жиын ғалымдар, оқытушылар, жас зерттеушілер мен сала мамандарын бір алаңға біріктірді. Конференция барысында көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту, инновациялық технологияларды енгізу, үдерістерді цифрландыру және инженерлік шешімдердің тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар ғылыми баяндамаларын ұсынып, өзара тәжірибе...
Read More
Yessenov University білім беру сапасын арттыру және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету бағытында маңызды қадам жасап, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарын біріктіретін Академиялық адалдық лигасына ресми түрде қосылды🇰🇿 8–10 сәуір аралығында Халықаралық ICAI қағидаттарына негізделген Академиялық адалдық лигасының мониторинг тобы университетке жұмыс сапарымен келді. Мониторингтің негізгі мақсаты – оқу орнында академиялық адалдық қағидаларының сақталу деңгейін...
Read More
Yessenov University-де Бизнес және туризм факультетінің ұйымдастыруымен халықаралық әлеуметтік стартаптар байқауы – Hult Prize аясындағы YU Hult Prize Demo Day 2026 университеттік кезеңі өтті. Іс-шара университеттің Технопарк алаңында ұйымдастырылып, қоғамның өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған инновациялық бизнес-жобаларын ұсынған студенттік командаларды біріктірді. Demo Day университет атынан байқаудың келесі халықаралық кезеңіне қатысатын жеңімпаз команданы анықтауға...
Read More
27 наурыз күні Yessenov University базасында Аманбай Ата Жетемісұлының 175 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған ғылыми жиын тарихи тұлғаның рухани мұрасын, оның халық жадындағы орнын және дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығын жан-жақты зерделеуге арналды. Конференция ұлттық сана мен рухани құндылықтарды жаңғырту бағытындағы маңызды алаңға айналды. Іс-шара барысында қатысушылар Аманбай Атаға арналған көрмемен танысып, «Аруақты абыз...
Read More
20 наурыз күні Yessenov University-де заманауи YU Gym фитнес кеңістігінің ашылуы өтті. Жаңа зал кәсіби деңгейдегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, әртүрлі жаттығу форматтарына бейімделген. Кардио-аймақтар мен күштік тренажерлер кешені дененің барлық бұлшықет топтарын тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Жабдықтардың заманауи технологиялармен үйлесуі жаттығу процесін барынша ыңғайлы әрі нәтижелі етеді. Сонымен қатар, кешенде ұзындығы 25 метрлік бассейн, хамам,...
Read More
17 наурыз күні Yessenov University базасында мемлекет және қоғам қайраткері, экономист, инженер-мұнайшы Зейнолла Өтежанұлы Алшымбаевтың өмір жолы мен қоғамдық қызметіне арналған «Зейнолла Алшымбаев: азаматтық ұстаным және қоғамға қызмет» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференцияға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, студенттер мен жас зерттеушілер қатысты. Жиын барысында...
Read More
3 наурыз күні Yessenov University-де «Білімді жастар – ел болашағы» атты ғылыми семинар өтті. Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Жайлауов Б.С. «IQ Test – қазақ қоғамының зияткерлік әлеуетін өлшейтін ұлттық платформа» тақырыбында баяндама жасап, интеллектуалдық капиталды дамыту елдің инновациялық өркендеуінің негізгі факторы екенін атап өтті. Семинар аясында кітап оқу мәдениетінің тұлғаның интеллектуалдық дамуына,...
Read More
Yessenov University Педагогика факультетінде «Қазақстандағы конституциялық реформалардың жаңа кезеңі: азаматтық қоғам мен саяси институттардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мазмұнын талқылау, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ бұл үдерістегі азаматтық қоғам мен саяси институттардың рөлін айқындау болды. Кездесуге факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысып,...
Read More
4 ақпан күні Yessenov University құрамындағы Теңіз академиясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған талқылау өтті. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысып, ел үшін тарихи мәні бар құжаттың негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылды. Жиынды академиялық жұмыс жөніндегі вице-декан А.А. Юсупов ашып, жаңа Конституция жобасының басты ерекшеліктеріне тоқталды. Ол конституциялық реформалардың елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртудағы, демократиялық институттарды...
Read More
1 2 3