Ақтауда Yessenov University Теңіз академиясының 900 білім алушыға арналған, ауданы 4600 шаршы метр үш қабатты жаңа оқу корпусының ашылу салтанаты өтті. Ғимарат университеттің меншікті қаражаты есебінен салынды. Болашақ капитандар, кеме жүргізушілер, инженерлер мен логистер норвег өндірісінің заманауи теңіз тренажерлерінде — «K-SIM Navigation» және «K-SIM Engine» — дайындықтан өтеді. Теңіз академиясы — 2018 жылы құрылған Yessenov...Read More
16 сәуір күні Yessenov University базасында “NextGen 2026: AI in Tourism” форумы ұйымдастырылды. Форум барысында туризм индустриясындағы жасанды интеллекттің рөлі жан-жақты талқыланды. Бүгінде AI тек технология ретінде ғана емес, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылуда. Әсіресе туристік қызметтерді жекелендіру, клиент тәжірибесін жақсарту, басқару және талдау үдерістерін оңтайландырудағы мүмкіндіктері ерекше атап өтілді. Іс-шара...Read More
14 сәуір күні Yessenov University Теңіз академиясының «Машина жасау және логистика» кафедрасы республика көлеміндегі ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Аталған жиын ғалымдар, оқытушылар, жас зерттеушілер мен сала мамандарын бір алаңға біріктірді. Конференция барысында көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту, инновациялық технологияларды енгізу, үдерістерді цифрландыру және инженерлік шешімдердің тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар ғылыми баяндамаларын ұсынып, өзара тәжірибе...Read More
Yessenov University-де Бизнес және туризм факультетінің ұйымдастыруымен халықаралық әлеуметтік стартаптар байқауы – Hult Prize аясындағы YU Hult Prize Demo Day 2026 университеттік кезеңі өтті. Іс-шара университеттің Технопарк алаңында ұйымдастырылып, қоғамның өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған инновациялық бизнес-жобаларын ұсынған студенттік командаларды біріктірді. Demo Day университет атынан байқаудың келесі халықаралық кезеңіне қатысатын жеңімпаз команданы анықтауға...Read More
3 наурыз күні Yessenov University-де «Білімді жастар – ел болашағы» атты ғылыми семинар өтті. Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Жайлауов Б.С. «IQ Test – қазақ қоғамының зияткерлік әлеуетін өлшейтін ұлттық платформа» тақырыбында баяндама жасап, интеллектуалдық капиталды дамыту елдің инновациялық өркендеуінің негізгі факторы екенін атап өтті. Семинар аясында кітап оқу мәдениетінің тұлғаның интеллектуалдық дамуына,...Read More
Yessenov University Педагогика факультетінде «Қазақстандағы конституциялық реформалардың жаңа кезеңі: азаматтық қоғам мен саяси институттардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мазмұнын талқылау, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ бұл үдерістегі азаматтық қоғам мен саяси институттардың рөлін айқындау болды. Кездесуге факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысып,...Read More
4 ақпан күні Yessenov University құрамындағы Теңіз академиясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған талқылау өтті. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысып, ел үшін тарихи мәні бар құжаттың негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылды. Жиынды академиялық жұмыс жөніндегі вице-декан А.А. Юсупов ашып, жаңа Конституция жобасының басты ерекшеліктеріне тоқталды. Ол конституциялық реформалардың елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртудағы, демократиялық институттарды...Read More
2026 жылдың 20 ақпанында Инжиниринг факультетінің білім алушылары арасында «Адал қоғам – жастардан басталады» әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның салдарын түсіндіру арқылы студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Байқауға Инжиниринг факультетінің 4 кафедрасының студенттері қатысып, барлығы 7 бейнеролик ұсынылды. Қатысушылар өз...Read More
18 ақпан күні Yessenov University «Құқық және халықаралық қатынастар» факультеті, «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» бастамасы аясында «Тәртіп пен қауіпсіздік – біздің таңдауымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Өтебалиева Қарлығаш Ержанқызы болды. Іс-шараға Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Есенжан Қанафия Нұрланұлы және Ақтау қаласы Полиция департаментінің криминалды полиция...Read More
12 ақпан күні Yessenov University-де «Бизнес және туризм» факультетінде «Конституциялық реформа: мәні мен кезеңдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың басты бағыттарын түсіндіру, олардың кезеңдерін жүйелі түрде талдау және құқықтық жаңғыртудың қоғамның одан әрі дамуына ықпалын айқындау болды. Дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, соның ішінде «Бизнес...Read More