15 қазанда Yessenov University-де Республика күніне орай «Тарих және дәстүрлі өнер» кафедрасының бастамасымен «Республика күні – елдігіміздің асқақ рухы» тақырыбында университетішілік сұхбат алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Республика күнінің тарихи мәнін ашып көрсету, мемлекеттік егемендік құндылықтарын дәріптеу және студенттердің бойында тарихи сана мен патриоттық сезімді қалыптастыру болып табылады.
Жиынға PhD, қауымдастырылған профессор М.Д. Калменов модераторлық етсе, Педагогика факультетінің деканы А.И. Мамбетова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға өз ризашылығын білдірді. Бағдарлама аясында арнайы дайындалған тақырыптық бейнеролик көрсетілді.
Кездесу соңында Н.К. Оспанова мен А.Е. Сәндешованың жетекшілігіндегі вокалдық ансамбль қатысушыларға тебірентерлік көңіл-күй сыйлап, асқақ «Атамекен» әнін орындады.
Сұхбат алаңы студенттердің ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік егемендіктің маңызын тереңірек түсінуіне және Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтуға өз үлесін қосты.
