Халықаралық ынтымақтастық & Неміс білімі

Yessenov University-де Германияның Hochschule Hof және DKU делегацияларымен кездесу өтті

📅 13 қазан, 2026 ж. • 📍 Yessenov University, Ақтау қ.

13 қазан күні Yessenov University-де Германияның Hochschule Hof қолданбалы ғылымдар университеті мен Қазақстан-Неміс университеті (DKU) делегацияларының қатысуымен халықаралық жұмыс кездесуі өтті.

Ауқымды жиынға Hochschule Hof университетінің президенті Юрген Леманн, Қазақстан-Неміс университетінің президенті Волрад Роммель, Hochschule Hof халықаралық бөлімінің басшысы Сюзанна Краузе, DKU халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Асхат Жылқайдаров, сондай-ақ Yessenov University басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

Тараптар білім беру мен ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру, оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға бейімдеу және Германияның қолданбалы білім беру тәжірибесін енгізу мәселелерін қарастырды. Келіссөздерде қос дипломды бағдарламаларды әзірлеу, академикалық ұтқырлықты жандандыру, халықаралық тағылымдамалар және ортақ ғылыми жобаларға ерекше назар аударылды.

🌱 Басым ғылыми салалар:

Кездесу аясында тұрақты инженерия, энергетика, экологиялық технологиялар, цифрландыру және қолданбалы зерттеулер бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың болашағы талқыланды.

Неміс серіктестерімен бірге жаңа білім беру стандарты мен заманауи зерттеулерге жол ашамыз!🎓
KEEP READING...

You may also like